Шымкентте полицейден таяқ жеген жігіт ауруханада шу шығарды

565

Шымкентте полицейден таяқ жеген жас жігіт ауруханада шу шығарды. Погондылардан зәбір көрдім деген азамат ауруханаға медициналық көмек алу үшін келген. Бірақ мас халде жүріп, медициналық мекемеде шу шығарды. Тепкінің астында қалған жігіт ауруханада шу шығарып, полицейлерден өшін алмақшы екен.

«Мені полиция қызметкерлері ұрды. Айықтырғыш орталығында болған жағдай. Мен оларға көрсетемін. Бұл жағдай алтыншы қаңтар күні болған. Бұл жерге медиицналық көмек алу үшін келдім» -дейді зәбір көрген жігіт.

Медициналық көмек көрсететін ақ халаттылар бұл жас жігітпен бірәз алысты. Азаматтың айтуынша, полицейдің соққысынан кейін ол айналасындағы барлығына өшігіп алыпты. Қоғамдық орында шу шығарған жігітті аурухана күзетшілері әрең дегенде сыртқа шығарып салды. Ауруханада шу шығарған жігіт медиицналық мекеменің есік-терезесін сындырып үлгерген.

Лаура Мамырова