Шымкентте табиғи газдан үш адам уланып, екі жасар бала қайтыс болды

164

Шымкентте табиғи газдан үш адам уланып, екі жасар бала қайтыс болды. Оқыс оқиға Сайрам тұрғын алабында орын алған. Мұнда үш үйдің баласы табиғи газға уланған. Оның екеуінін дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп аман алып қалды. Бірақ екі жасар балақай оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Жеке тұрғын үйлердің бірінде болған қайғылы жағдайға байланысты төтеншеліктер тексеру жұмыстарын жүргізді. Анықталғаны бұл үйде табиғи газ тартылған жылыту қазандығынан ахау шыққан.

Зарипа Абдулаева, ОҚО ТЖД бас маманы «Он бесінші қаңтар күні таңғы сағат жетілер шамасында «102» пультіне жеке тұрғын үйлердің бірінде үш бала уланып қалғаны туралы хабар түсті. Жеке тұрғын үйде 2009, 2013, 2015 жылы улы газбен уланған. Біреуі оқиға орнында қайтыс болды».