Зейнетақы қорындағы ақшаны толығымен қалай алуға болады?

638
Бітіруші студенттерден зейнетақы қорының анықтамасы талап етілуде

Елімізде зейнет жасына жетпей зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға мүмкіндік бар ма, зейнет жасына қамданғандардың шотында қанша ақша болуы тиіс? Бұл сұрақтарға Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Аймақтық даму және клиенттер қызметінің басшысы Асхат Мұқамедов жауап берді.

«Ол үшін азаматтар мемлекеттік сақтандыру компаниясымен зейнет ануитеті шартын жасасуы керек. Онда екі талап қойылады. Ер азаматтар 55 жаста және зейнетақы қорындағы ақша 9 миллион 636 мың теңге болуы керек. Ал әйелдер 50 жаста және зейнетақы қорындағы ақша 13 миллион 746 мың теңгеге жетуі тиіс». Басшы зейнетақы қорындағы ақшаны үш жағдайда алуға болатынын атап өтті.

«Бірінші жағдай, жоғарыда айтылғандай, сақтандыру компаниясымен зейнет ануитеті шарты жасалуы керек, екіншісі, түпкілікті қоныс аударған жағдайда қордағы ақшаны толық алуға болады және үшінші жағдай, адамдар қайтыс болған жағдайда мұрагері, яғни балалары зейнетақы қорындағы ақшаны түгелдей ала алады», — деп түсіндірді Асхат Мұхамедов.