Қоғамдық кеңесте талқы таразысына түскен мәселе көп…

444

Мектептегі әлімжеттік салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған фактілерге қатысты кімдер жауапқа тартылады? Қоғамдық көлікке байланысты туындаған күрделіктер қалай шешілмек? Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері өзекті сауалдарды көтерді.

Қаланың қүл қоқысын тазалаудан, шырайлы Шымқаланы көгалдандыруға көшу керек деп есептейді қоғамдық кеңестің мүшелері. Бизнесін дөңгелеткен кәсіпкерлерге қалай көмек көрсету керек деген сауалды да пысықтады.

Жиынға қатысқан әкіспкерлер: «Біз кеңсеміздің алдына ағаштар отырғыздық. Алайда оларды күтімін ойламаппыз. Оған кім қарайды, кім суғарады? Қалада көптеген сенбіліктер ұйымдастырылады. Мүмкін тек қоқысты тазалағанша, жасыл желек отырғызармыз? Сосын ағаштарды ТҮКШ не «ЛТД Тұрмыстың» меншігіне өткіземіз?», – десті.

Шымкенттің әкімі мұнымен келіседі. Қаланы көгалданыру қажет, бірақ кәсіпкерлер қала бюджетінің көлемі тым көп еместігін түсінуі керек.

Нұрлан Сауранбаев, қала әкімі: «Бүгінде қаланы аббатандырумен айналысатын алты компанияға қазынадан 5 млрд. теңге жұмсалады. Егер де сіздер айтып отырған қосымша аумақтарды қосатын болсақ тағы қаржы қажет. Депутаттар бюджетті қайта қарауы тиіс. Көгалдандыруға біз бекітілген сомадан артық бере алмаймыз. Шатқалдардың қала не облыстың меншігіне өтуіне мен қарсымын. Өйткені олардың күтіміне көп қаражат кетеді».

Гүлзар гүлдерден балалардың өз-өзіне қол жұмсау мәселесіне көшті. Шаһардың басшысы оқушының өліміне алып келген әлімжеттік жайлы мектеп әкімшілігі білмейді деген пікірмен келісіпейтінін жеткізді. «Алайда оқиға орын алды. Жоғары сынып оқушылары сыныптастарынан, төменгі сыныпта оқитындардан ақша жинайтын фактілерді ұстаздар назардан тыс қалдырған. Әрине мектеп директоры да, мұғалім де оны көрмейді. Енді өз-өзіне қол жұмсаған, әлімжеттік фактілері орын алса, жұмыстан босатамыз. Қазір біз оларға қатаң сөгіс бердік, – деді.

Қала әкімі Қоғамдық көліктер саласы шекті нүктесіне жетті деген пікірде. Жүйеде бір тармақ жұмыс істемесе барлығы бұзылады. Бірақ бұған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі кінәлі емес.

Қазір біз автобустардың иелеріне талап қойсақ, олар бағытқа шықпай қояды. Сонда қалада жаппай көлік күйреуі басталады. Біз жаңа көліктерді сатып ала алмаймыз. Біз жақында көлік форумын өткіздік. 10 кәсіпорынның басшылары қатысты. Шымкентке бір жарым мыңнан астам автобустар қажет. Бұл мақсатта 120 млн доллар қажет. Олар Тәшкент пен Самарқандта шығарылады. Қайрат Ырзақұлұлы жақында Өзбекстанға барып қайтты. 10 жылға лизингке автобустар беру жөнінде келісіп келді. Ресейліктер, белорустар және Татарстаннның тауар өндірушілері де осы шарттар бойынша автобус беруге дайын.

Тағы бір өзекті мәселе жаяу жүргіншілер жолы. «Балалар және мүгедектер арбасымен ол жолдарда жүру мүмкін емес», – дейді Нұрлан Сауранбаев.

Кездесудің соңында жиынға қатысушылар 2020 жылы «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» болады деген тақырыпты талқылауға көшті. «Мәртебе – мәртебемен, атағы тағы бар, оның сауатты мән мағынасы болуы керек», – деп есептейді әкім мырза. Сондықтан туристерді қызықтыратындай дүние жасауымыз қажет. Стратегия керек деп шешті басшы.

Шынар Оразова