Аудиттен өткен кәсіпкерлік нысандар бір жылға дейін тексеруге жатпайды. Санитарлық талаптар бұзылған жағдайда ғана аудит күші жойылады.
Қаратау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі мамандары бүгін бизнес өкілдеріне осындай өзгерістерді түсіндіріп берді. Сондай-ақ олар кәсіпкерлерге өндірістік бақылаудың жаңа талаптарын да егжей-тегжейлі жеткізді.
Айта кетейік, ауданда бүгінде 700-ден астам кәсіпкерлік нысан тіркелген. Оның жартысына жуығы ерекше тәртіппен тексеріледі дейді басқарма өкілдері.