Күнгейде Елбасы жазған тарихи кітаптың тұсауы кесілді

917

Еліміздің кітап қоры тағы бір тарихи жинақпен толықты. Дәлірегі, Ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты энциклопедиясы жарық көріп, тұсауы кесілді.

Шежіреге тұнған, публицистика жанрында жазылған еңбекте қазақ елі, одан соң, тәуелсіздікке дейінгі ахуал, аса қиынға соққан 5 жыл кіріккен. Сондай-ақ, дербес, зайырлы Ел болу жолында кезіккен саяси кедергілер де бүкпесіз баяндалады. Кеңестік империяның соңғы жылдарынан бергі саяси-экономикалық кезең де шығармадан шет қалмапты.

Әдеби сарапшылардың сөзіне сенсек, автор – Нұрсұлтан Әбішұлы 508 беттен құралған кітаптың оқырманға оңай соғуын да ескерген. Түсінікті қарапайым тілде ұсыныпты. Және бір емес, 4 бірдей тарихи-тағлымды бөлімнен жасақталған жинақтың  облыстық жасөспірімдер кітапханасына әзірге 6 данасы ғана жеткізіліп отыр.