«Мәдениет мекемелерінің жұмысы сапалы»

1093

«Жаңа күн» бағдарламасының кезекті қонағы облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева:

– Жыл басынан жаңа басқарма ретінде атауы өзгертіліп, қайтадан құрылмдаудан өтіп жатыр. Атауының өзгеруі қандай да бір жауапкершілік жүгі артты ма?
-Биыл басқармамыз қайтадан құрылып жатыр. Жыл енді басталуда, жұмысымыздың қандай болатынын алдағы уақыт көрсетеді. Мәдениет және өнер бөлімі өзімізге жүктелген міндеттерді атқарып келеміз.
– Басқарманың белді қызметкерісіз. Қандай да бір қызмет құзіретінде өзгерістер орын алуы мүмкін бе?
-Басқармамызға екі бөлім, онамастика және тілдерді дамыту бөлімі қосылды. Бұл басқармамызға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Мәдениет саласынан бөлек тілдерді дамытуды да бірге қосып алып жүруіміз керек. Бұл бірінші басшыға жүктелетін міндет.
– Қанша маманмен толығып отыр?
– Екі бөлім қосылғаннан кейін әр бөлімде 3 маманнан бар, бұрын 17 адам болса бүгінде 20- дан астам қызметкер жұмыс істеуде.
– Өткен жыл оңтүстікте мәдениет және өнер саласы үшін несімен есте қалды?
– 2017 жылы «Отырар» телеарнасы бүкіл біздің атқарып жатқан іс-шарамыздың барлығының басы қасында жүріп, ақпараттық қолдау көрсетті. Өткен жыл мәдениет саласын дамыту, насихаттау, жастарға қолдау көрсету мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілді. «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында іс-шаралар өткізді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлдамасы аясында да бірқатар жұмыстар атқардық.
– Оңтүстікте қанша мәдениет мекемесі бар? Ауыл аймақтағы мәдениет үйлерінің клубтардың жағдайы қандай?
– Облыс бойынша 735 мәдениет мекемесі бар. Оның ішінде 423 кітапхана, 258 клуб бар. Облысымызда 8 театр бар. Олардың барлығы да халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді.