Оңтүстік Қазақстан облысында су тасуы мүмкін

574

Оңтүстік Қазақстан облысында су тасуы мүмкін. «Қазгидромет» РМК осындай ескерту жариялады,- деп хабарлайды inform.kz.

«20 ақпаннан бастап алдағы тәуліктерде температураның жоғарылауына және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында су тасуы мүмкін», – делінген хабарламада. Оңтүстік Қазақстан облысында 20 ақпанда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді, кей уақыттарда оның жылдамдығы 30 м/с және асып кетуі ықтимал.