Шымкентте әлеуметтік бейнероликтер фестивалі өтеді

533

Шымкент қалалық әкімдігінде шығармашылық студия және қалалық телеарна басшыларымен кездесу өтті. Жиында көтерілген басты мәселе үшінші мегаполис тұрғындарының мәдениетін арттыру болды.

Жиынға қатысушылар идеологиялық жұмыс жүргізуде әлеуметтік роликтердің тиімділігін талқылады. Қысқаметражды фильмдердің адамдарға салар ойы мен оның көзқарасын өзгерте алудағы әсері және қандай тақырыптардың өзекті екені сөз болды.
Әлеуметтік роликтер – тарихты жеткізудің тиімді тәсілі ғана емес, түрлі мәселеде қоғамның көзқарасын өзгерте алатын мүмкіндік. Мамандардың айтуынша, әлеуметтік роликтердің бағыты жамандықты көрсету ғана емес, жақсылық жасауға болатынын түсіндіру дейді.

Жиын соңында қаламызда әлеуметтік роликтер фестивалін ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Оған қатысқысы келетін барлық үміткерлер арасында байқау жарияланады. Байқаудың шарттары мен талаптары, сондай-ақ жүлде қоры кейінірек жарияланатын болып шешілді.

shymkent.gov.kz