Шымкентте 1 миллион 37 мың қызғалдақ егілді

1141

Шымкентте қызғалтақтардың гүлдеуіне аз уақыт қалды. Еске салсақ, биыл Шымқаланың символына айналған қыр гүлінен 1 млн 37 мың данасы егілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ал қызғалдақ гүлдеп болған соң орнына, 14500 шаршы метр аумаққа тагетис, катарантус, шафран, петуния, сальвия сынды жаздық гүлдер егілетін болады. Сондай-ақ, 29396 шаршы метр жерге егілетін раушан гүлдер де қала көшелерінің көркін аша түспек.