Қаланы көгалдандыру жұмысы жалғасуда

786

Бірнеше күнге созылған мерекелік демалыс күндері аяқталды. Осыған орай Шымкентте тазалау және көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық саланың жүздеген қызметкері мереке күндерінен кейінгі реттеу жұмыстарына кірісті.

Коммуналды мекемелердің қызметкерлері шаһардың бір тұсында ағаштардың түбірін әктесе, енді бір жерде бұзылған тақтайшаларды қалпына келтіруде. Тағы бір топ қоқыс шығарып, ирригациялық арықтарды тазалауда. Бұған қоса Шымкенттің орталық көшелерінің бойындағы ғимараттардың қасбеттері де жаңартылуда.

Саябақтар мен гүлзарлардағы орындықтар қалпына келтіріліп, демалыс күндерде болған жол-көлік оқиғаларының салдарынан бүлінген турникеттер де жөнделуде.