Ұлттық ойындар ұлықталған күн

821

Әз Наурыз меркесі күнгейде кеңінен тойлануда. Әр ауыл, әр аудан барынша хылықтық мереке ретінде ата өтуде. Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай, Арыс қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ұлттық ойындарды дəріптеу мақсатында, көкпардан, аударыспақтан, асық атудан, қыз қуу жəне арқан тартудан жарыс өтті.

Делебені қоздыратын көкпар ойыны аса тартысты өтті. Аударыспақ ойынына білекті, жүректі жігіттер шығып, өздерінің мықтылықтарын мойындатты. Асық атуда жас балалардан бастап, ересектерге дейін жарысқа түсті. Үлкендерден көргенін істейтін жас балалар үшін ұлттық ойындарды жастайынан осылайша санасына сіңірген ләзім ғой. Тамыры қазақылықпен сусындаған бала ұлты үшін ұлы істер тындыратын азамат болары сөзсіз.

Аса қызықты өткен халықтық мерекеде ұлттық ойындардың көрігін қыздырған жарыс жеңімпаздары қала әкімінің алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.