Әк зауытында оқу орталығы ашылмақ

1304

Түлкібас ауданындағы әк шығаратын зауыты арнайы мамандар дайындайтын оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр. Аталған орталықта өнім шығару барысында технологиялық процестерді игеріп шығатын мамандар дайындалмақ.

Мамандарды оқыту қысқа мерзімді болмақ. Бүгінде әк зауытындағы жұмысшылар саны 115-ті құрайды. Алдағы уақытта 15-20 адамды жұмысқа қабылдау жоспары бар.