7 жасар зорлыққа ұшыраған баланы полицейлер пойыздан күштеп түсіріп алып қалды

685

Сарыағаш ауданы Абай ауылында зорланған 7 жасар бала бүгін әжесі, әпкесі және қоғамдық қорғаушы Дінмұхаммед Артықовпен бірге Алматы қаласына жолға шыққан болатын. Қоғам белсендісі Дінмұхаммед Артықовтың айтуынша олар пойызға отырған сәтте жиырма шақты полицей келіп пойыздан күштеп түсіріп алып қалған.

Дінмұхамед Артықов, қоғам белсендісі: «Пойыздан күштеп алып қалған соң тез арада облыстық Ішкі істер департаментіне алып келді. Қазіргі таңда үшеуі де аталған ғимаратта. Баланың заңды адвокаты мәселені анықтау мақсатында Ішкі істер департаментіне кірді. Олар Алматыға арнайы сараптамадан өту үшін бара жатқан болатын».

Баланың сараптамадан өтуіне кім қарсы? Жолға шыққандарды неліктен күштеп түсіріп алып қалды? Жауабы жоқ сұрақтар… Бұл мәселе біздің назарымызда болады.

Лаура Нақыпқызы