Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ашық есік» күнін өткізеді

869

Зейнетақы жинақтарына қатысты сұрақтарыңыз бар ма? Онда 27 наурыз күні қаламыздағы Бәйдібек би көшесіндегі 45 –ші үйге келіңіз.

Таңғы сағат 10:00-де «Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалы «Ашық есік» күнін өткізеді. Бұл күні келушілер биылғы жылғы зейнетақы жүйесіне қатысты өзгерістер туралы және де өзін мазалаған жинағы туралы жан жақты мәлімет ала алады.

Бұл күні болашақ зейнеткерлер зейнетақы жүйесін қайта жетілдіру, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер, базалық зейнетақы, график бойынша зейнетақы төлеу бойынша барлық сұрақтарға жауап алуына мүмкіндігі бар.