Елді шулатқан оқиғаға қатысты ОҚО Ішкі Істер департаменті мәлімдеме жасады

640

Алдын сарыағаштық зорлыққа ұшыраған баланы полицейлер күштеп пойыздан түсіріп алып қалды деп хабарлаған болатынбыз. Елді шулатқан оқиғаның ізін ала ОҚО Ішкі істер департаменті мәлімдеме жасады.

Онда «Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы тарапынан жәбірленуші баланы қауіпсіздігі үшін кәмілетке толмағандар істері жөніндегі орталыққа орналастыру туралы өтінішхат түсті. Осыған байланысты баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаулы қабылданды. Ішкі істер органы қызметкерлері тарапынан Шымкент қаласындағы темір жол вокзалында баланың әжесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Баланың әжесіне қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекет тарапынан қорғау құқығы бар екендігі түсіндірілді. Осыдан кейін баланың әжесі мемлекеттік қорғау құқығын қабыл алып, полицейлермен бірге Ішкі істер департаментіне келген. Қазіргі таңда оларды қауіпсіз орынға орналастыру мәселесі шешілуде. Аз ғана уақыт аралығында қаулы негізінде Астанада жоғары білікті салалық мамандардың қатысуымен кешенді түрде сот-медициналық сараптама жүргізілетін болады» делінген.