Шымкенттіктер қуана берсе болады. Қаламызда атақты суретші Кармине Барбароның көрмесі өтпек. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, айтулы туындылардың авторының қолынан шыққан дүниелер талайларды тамсандырып жүр. Қылқалам шеберінің көрмесі қаламызда алғаш рет өткелі отыр. Көрмені «Италия» оқу орталығы мен «Данте Алигьери» алматылық комитетінің ұйымдастыруда.
Кармине Барбароның елімізді мекен еткеніне 25 жыл болған. Оның қылқаламынан туған суреттер Италия, АҚШ, Канада сынды елдерде және еліміздегі Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында ілулі тұр.
Кармине Барбароның есімі елімізде өнер сүйер қауымға кеңінен танымал. Оның картиналарын көрген адам жіпсіз байланып қалады. Адамның ішкі жан дүниесіндегі арпалысты шебер суреттейтін суреткердің туындыларының жаны бар сияқты. Қарап тұрған адамға әне міне тіріліп кететіндей әсер береді. Құс салса құсы ұша жөнелетіндей, даланы салса ән салып тұрғандай әсерге бөлейді. Сондықтан да дарынды суретшінің туындалырн жоғары бағалайтындар көп.
Барбаро 1999 жылы итальяндық фирманың шақыруымен Алматыға келеді. Өмірін өзге арнаға бұрған үлкен өзгеріс дәл осы кезден бастау алған. Осында үйленді, осында тұрақтап қалды. Бүгінде ерінбей еңбектенуінің арқасында танымал тұлғаға айналды.
Айтулы көрмеде суретшінің 40-қа жуық бейнелеу туындылары мен графикалық жұмыстары қойылмақ. Көрме 2 наурыз күні сағат 15:00-де Темірлан тас жолындағы «San Marco» шоурумында өтеді. Кіру тегін!