Прокурор параны қайтарып жатқан сәтінде құрықталды

481

ҚР Бас прокуратурасы Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қатысты ұсталған прокуратура қызметкеріне қатысты түсініктеме берді.

«28 наурызда Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік тобы Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының қызметкері У-ды осыған дейін алынған параның бөлігін қайтару кезінде ұстады», делінген ҚР Бас прокуратурасының Фейсбуктегі парақшасында.

Ақшалай қаражат азамат К-ны қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесін шешу үшін алынған. «Іс бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді», делінген хабарламада.