Ресейдің Президентін сайлауға Шымкенттегі ресейліктер де мүмкіндік алды

663

18 -ші наурызда Ресей президентін сайлауға Оңтүстік өңірінде тұратын ресей азаматтары да дауыс беруге мүмкіндік алды.  Шымкент қаласындағы Оқушылар сарайында № 8136  сайлау учаскесі орналасты. Сайлаушылардың белсенділігі түскі уақытта байқалды.

Азаматтар отбасымен келіп өз таңдауларын жасады. Әрбір Ресей азаматы бұл күні 8 үміткерден Президентке лайықты деген кандидатын таңдап дауыс берді.

Игорь Конышев, сайлаушы: «Мен тұрақтылық және елдің тыныштығы үшін дауыс бердім. Дауыс берген кандидатым халықтың мүддесі, бейбіт өмір үшін қолынан келген амалын жасайтынына сенімдімін».

 

 

 

Протоирей Евгений:  «Әрбір адам өзінің  Конституциялық құқығын толық пайдалану керек. Бауырлас Қазақстан мемлекетіне рахмет. Шіркеу өкілі болғандықтан, азамат ретінде елімізде тыныштық, халықымыз аман болсын деген тілек айтпақпын. Екі ел арасындағы ынтымақтастық нығая берсін».

 

 

Степан Соколов, №8136 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасы: «Жастардың белсенділігін атап өтпекпін. Сайлаушылардың Конституцияға сәйкес 18 жасқа толған азаматтар өз құқықтарын пайдаланып  дауыс берді. 2012 жылы президенттік  сайлауға 600 – дей сайлаушы қатысқан болатын. Қазір сағат 12-де 200 азамат дауыс берді.  Бүгінде жергілікті  көші қон қызметінің берген мәліметі  бойынша  ОҚО – да уақытша тіркеуге тұрған 1000 адам бар. Сайлау учаскесінің жұмысында тәртіпті жергілікті билік, тиісті жауапты салалар қадағалады. Жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен оқуышлар сарайының басшылығына алғысымыз шексіз.  Сайлау күрделіксіз өтті».

Төрағаның берген мәліметі бойынша  сайлауға 425 сайлаушы қатысқан. Олардың 367-сы яғни, 86 пайызы Владимир Путинге дауысын берген. Айта кетейік, Ресей мемлекетінде президент 6 жыл мерзімге сайланады.