«Су арнасы Маркетинг» ЖШС өкілдері тұрғындарға жаңа есептеуіш құралдарды таныстырды

826

 Абоненттер модернизациялық шаралардың барысын көрді. Ескі су есептеуіш құралдарын ауыстыру арқылы ауызсу шығынынан құтыламыз дейді мамандар. Ол үшін алдымен көне металл құбырларды пластикалық жүйелерге ауыстыру қажет екен.

Жаңа жүйе тек жеке тұрғын үйлерге ғана емес, көпқабатты баспаналарға да орнатылады. Енді мұндағы су есептеуіш құралдары жер төлелерге орнатылатын болады. Тұрғындар бұл шаруалармен танысып болған соң, кәріз жүйелерін тазалау жұмыстарын да көзбен көрді. Сүзгілеудің бірнеше сатысынан өткеннен кейін де суды кей мақсатта қолдануға болады дейді мамандар.

«Су арнасы Маркетинг» ЖШС-нің басшылары осылайша су шығынын бірнеше есе азайтуға болады дейді. Стататистика көрсеткендей, 1996 жылы әрбір қала тұрғыны тәулік сайын 456 литр су пайдаланған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 118 литрге тең. Жаңа есептеуіш құралдары абоненттерге үнемдеуді үйренуге сеп болуда дейді жауаптылар.