Қол сағатқа құмар ұрылар құрықталды

436

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Мақтарал АІІБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда Жетісай қаласындағы көшелердің бірінде белгісіз тұлғалар қол сағаты мен ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Мақтарал АІІБ – ның жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында үш күдіктіні қолға түсірді, олар 2000 және 2001 жылы туылған ОҚО-ның Жетісай қаласы мен Шардара ауданының тұрғындары болып шықты.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша «тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы