Ұрланған көлік үшін салық төлемейсіз

585
Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Мемлекеттік кірістер басқармасы міндетті салық төлемдеріне өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Негізгі жаңалық ұрланған темір тұлпар салығы алынып тасталды. Бұл қадамға салық төлеушілер тарапынан түскен шағымдар негіз болған.

Сүлеймен Садықов, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «2018 жылдан бастап ұрланған және қылмыстық іс қозғалған көліктерге салық төленбейді. Бұл  ҚР Салық Кодексіне енгізілген өзгерістердің бірі .»

Сондай-ақ, жер және мүлкі салығын төлеуде тың жаңалыққа толы. 2017 жылға дейін салық төлеуші салық және мүлік салығын есепті жылы төлесе, енді жыл өте төлейді. Мәселен, 2017 жылдың мүлік, жер салығын 2018 жылдың 1-ші қазанына дейін өтеуі тиіс. Оның мөлшерінде де айырмашылықтар болады. Өйткені енді салықтың мөлшері үйдің, пәтердің не жердің қала аумағында орналасқаны ескеріледі.

Сүлеймен Садықов, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Қаланың іргесіндегі Жаңа талап ауылында инфроқұрылым жетілмеген,  кинотеатрлар,  әлеуметтік нысандармен қамтылмаған. Сондықтан ол шағынауданда тұратындар салықты қала орталығында тұратын азаматтардан азырақ төлейді.  Жер , мүлік салығы аумақ бойынша  есептелінеді. Жылжымайтын мүлік орталығы бағалауды аяқтаған тұста, шілдеде біз  төленетін салық мөлшерін өңдейміз. Және де 1-10 аумақтарда  жер учаскесінің, жеке үйдің, не пәтердің орналасуына байланысты  төленетін  міндетті салықтардың мөлшері есептелінеді.