«Бүр жарған бүлдіршіндер» байқауы өтті

947
Сарыағаш ауданы әкімдігі

Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен Елордамыз- Астана қаласының 20 жылдығы аясында 6 мен 14 жас аралығындағы өнерлі балаларға арналған дәстүрлі аудандық «Бүр жарған бүлдіршіндер» атты әнші-биші балалар байқауы өтті.

Іс-шараны ашып берген Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаншуақов Әбіләзім Қалтайұлы өнерпаз бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Балалар мен жасөспірімдердің өнерін шыңдап, өнерлі балалардың шабытын ашып, болашақ өнер иелерін іздестіру мақсатында өткен биылғы байқаудың іріктеу кезеңіне жалпы 76 үміткер қатысып, үздік шыққан 23 үміткер ақтық сайыста сынға түсті.

Байқау шарты бойынша әншілер Астана қаласына арналған әндер мен еркін таақырыптағы әндерді орындады. Ал әсем қимылымен мың бұралған бишілер 2 би орындады. Қазылар алқасының шешімімен би өнері бойынша «Надежда-2» би тобы, «Тұран» би тобы, «Бағым» би тобы ІІІ орын иегерлері, «Аида» би тобы ІІ орын, «Мерей» би тобы І орын иегері, «Надежда-1» би тобы бас жүлде иегері атанды.

Эстрадалық әндер орындау бойынша Мереке Шалабай, Дәуренбек Жиенбек, Балнұр Қасымбекова ІІІ орын иегерлері, Гүлбану Тұрсынхан ІІ орын, Нұрсұлу Тұрарбек І орын иегері, ал Ернұр Ілес бас жүлдегері атанды. Барлыық қатысушылар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.

Биыл жиырма жетінші рет өткізілген аталмыш байқау осы күнге дейін көптеген талантты бүлдіршіндерімізді қанаттандырып, талабын ұштап, өнер жолына бағыт-бағдар беріп, дарынды жас өскіндердің ізденісін, ынта жігерін арттыруға ықпал етіп келеді.