Күнгейде күн суытады

624
Gorod-novoross.ru

Сәуір айында тәуір болып, жаз шыққандай күні күлімдеп тұратын күнгейде ауа райы биыл алабөтен мінез танытып тұр. Бірден жылынып, бірден қара суығымен үсітіп әдігерге салды. Бүгін алай дүлей дауылынымен мазаны алып тұр. Қазгидрометтің бүгінгі мәліметі қуантатындай емес. Оңтүстік Қазақстан облысында ауа-райының бұзылатыны жайлы ескерту жариялады.

Аталмыш орталықтың мәліметінше ОҚО-ның кей жерлерінде 25 сәуір күні таңертең және түнде жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. 24 сәуір күні түстен кейін оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20-дан 24-25 м/с дейін күшейеді. 25 сәуір күні де оңтүстік-батыс және солтүстік батыстан соғатын жел түнде 25 м/с дейін жетеді.