Шымкентте тағы бір гүлзар салынбақ

514
shymkent.gov.kz

Шымкент қаласындағы «Нұрсәт» шағынауданының аумағы кеңейіп, бүгінде кішігірім қалашыққа айналды. Жуырда осы үлкен шағынауданда тағы бір гүлзар салынбақ. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше бүгінде гүлзар салынатын аумақта құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Шымкенттің бас сəулетшісі Нұрлан Архабаевтың айтуынша, гүлзардың орталық бөлігінде ротондар орнатылып, оның айналасына гүлдер егіледі. Гүлзардың жалпы алаңы 1 гектарға жуықтайды. Мұнда коммуналды желілер тартылған. Енді көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Шағын сәулеттік құрылымдар мен балалардың ойын алаңшаларын салу да жоспарланған.

«ЛТД-Тұрмыс» компаниясының жетекшісі Ғалым Сәдібектовтың айтуынша, гүлзарда отырғызылатын гүлдер мен ағаштарға ерекше мән беріледі. Қазіргі таңда мұнда шынар, талшын және қайыңдар егілуде. Ал, ағаштан қылқан жапырақты және жапырақты, сондай-ақ биік ағаштардың көшеттері отырғызылмақ.