Шымкенттің жастары биік белестерді бағындыруға қауқарлы

1123
Ғылыми конференциясы өтуде

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттердің қатысуымен ғылыми- тәжірибелік  конференция өтті. Басқосуға Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы ЖОО студенттері арнайы қатысып, көпсалалы инновациялық жобалар аясындағы жетістіктерімен бөлісті.

81 секция бойынша 3 500 баяндама оқылды. «Төртінші өнеркәсіптік революциясын іске асыруда Қазақстан жастарының үлесі» атты республикалық жиын осымен 21-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жобалар техникалық, гуманитарлық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы мәселелерді қамтыған.

Қанат Байболов, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры: «Біздің университетімізде техникалық мамандықтарға басымдық жоғары. Сондықтан бүгінгі таңда 21 жаңа зертхана, индустриялдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 6 жаңа заманауи зертханалар ашылып, жұмыстар жасалып жатыр. Бүгінгі конференцияға қатысқан студенттердің барлығы осы университтеттің зертханаларында өзінің ғылыми жұмыстарын жетекшілерімен бірлесе жасаған жұмыстарын баяндайтын болады».

Жастар «бүгінде  бізге  артылып отырған сенімді ақтауға  тырысудамыз. Жасалып жатқан  мүмкіндіктерді жіберіп алмай,  білімімізді шыңдаудамыз. Түрлі  жобаларға қатысып өзіміздің деңгейімізді байқап, тәжірибелерімізбен алмасудамыз», -дейді.

 

Шынар Атамбай ,студент

Шынар Атамбай, ОҚМУ филология факультетінің студенті: «Бұл конференция студенттер үшін болашаққа нақты қадам басу және жетістіктің көзі деп санаймын. Сондай-ақ, бұл жерде ғылымдар сайысы болып жатыр десек те болады. Мықтыларды анықтап, оларды бұдан да ауқымды шараларға қатыстырады. Сондықтан бұл конференция маған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын».

Мұрат Ильяс, ОҚМУ студенті: «Менің жобамның тақырыбы «Баламалы энергия бағытындағы биологиялық батареялар». Яғни, біз күріштің қауызынан биологиялық батарея шығардық. Одан күтетін нәтижеміз болашақта күн және жел электроэнергиясының орнын алмастырып, биологиялық батареялар арқылы көше шамдарын және телефондарды зарядтауды жоспарлап отырмыз».

Конференцияда  жасалған  баяндамалар бойынша    студенттер арасында таныстырылым өтеді. Және үздіктер республикада өтетін жиынға қатысатын болады.