«13 жасар қызды зорламақ болды» деп жала жауып, ауылдан қуып жіберді

594
Фото inhotel.com.ua

ОҚО-да ауылдасы 13 жасар қызын зорламақ болды деп ағайынына жала жауып, үйін өртеп, ауылдан қуып жіберген. 1985 жылғы жігітті шәйлада 13-тегі кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорламақ болды деп айыптаған ауылдастары Сапаровтардың үйін өртеп, қора қопсысына өрт қойып, есігінің алдындағы көлікке дейін қиратып тастаған.

Әке-шешесі мен үш баласын да таяққа жығып, ұрып соққан. Далада тентіреп қалған отбасы бүгінде бөтеннің мал қорасын баспана етуге мәжбүр.

«Жала екендігі дәлелденді. Сараптама нәтижесі қыз баланың зорлық көрмегенін қуаттады. Жала жауып, үйімді өртеп, өзімізді қанға бояп, бір ақ күнде ауылдан көшіріп жіберген қылмыскерлердің кінәсі дәлелденбей отыр. Тек төртеуіне сот үй қамаққа алу туралы үкім шығарып, бастарынан сипап қойды» – дейді ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ошақты ауылының тұрғыны Г. Сапарова.

Ағайынның арасына бітіспес дау тудырған бұл қылмыстық іске қатысты ОҚО ІІД тергеу басқармасының бөлім басшысы Болат Елмұрзаев былай дейді: «Аса белсенді болған төртеудің ісі сотқа жолданып, шешім шығарылған. Бұл іске қатысты тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Сарыағаш аудандық ІІБ-де тергеу барысы бақылауда».