Арыстағы 26 елдімекен газсыз қалуы мүмкін

660
"НұрОтан" партиясының ОҚОФ саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті

Ағын су мәселесі шешілсе, Арыстағы ағайын 4 мың гектар жерін игере алады. Ал Арыс өзені бойындағы карьерлерге бақылау болса, қаладағы орталықтандырылған тазартқышқа ағатын судың сапасы көтеріледі. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісіне жиналғандар  партияның мүшесі Арыс қаласы әкімінің есебін тыңдады. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен әлеуметтік-экномикалық дамуы бойынша атқарылып жатқан және тұралап қалған тірліктерімен қала әкімі Мұрат Қадырбек таныстырды. Айтуынша, қаланы газдандыру мәселесі күрмеленіп барады. 2025 жылға дейін 26 елдімекенді табиғи газбен қамту жоспары орындалмай қалу қауіпі бар.

Мұрат Қадырбек, Арыс қаласының әкімі : «Газды тартып жатқан  мердігерлер конкурстан кейін  соттасып жатыр. Жарты жыл өтті.Қаржы  республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген ,аз ақша емес. Көмектеріңіз қажет».

Халықты сапалы ауыз сумен 24 сағат бойы қамту мәселесінде де әлі шешілмеген. Есесіне, арыстықтар тіршілік нәрін  тәулік бойы пайдаланады, алайда  сапасы төмен, дейді Қадырбек мырза.

Қаланың қауқары жетпейтін мәселелерге енді нұротандықтар қолдау көрсететін болды. Халықтың тұрмысын кәсіпкерлікті көбейтіп, туризм саласын дамытып, шағын өндіріс орындарын ашып қана көтеруге болады. Ол үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру қажет,  әрі инвстиция көзін табу шарт. Құрылысы аяқталған мектептерді мамандармен қамтамасыз етуге басты назарды аудару қажеттігі де мәжілісте айтылды. Сорақысы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай  халықаралық  жолының бойындағы қоғамдық тамақтану орындарының  қызмет көрсету сапасы  өте төмен, қызметкерлер дөрекі. Және  жол бойында етек жайған  жезөкшелікпен  тәтіп сақшылары білек сыбана кірісуі тиіс.