Өткен жылдың күзінде Бәйдібек АІІБ-не жергілікті тұрғындар арызданды, онда белгісіз біреулер олардан 5 жылқыны қолды еткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы миллионнан астам теңгені құрады.
Бәйдібек АІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні мал ұрлау жайты бойынша ұстаған. Мал ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген, ал материалдары сотқа жіберілген. Қазіргі таңда сот шешімі бойынша сотталушы 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға жазаланған.
ОҚО полицейлері тұрғындарға өз мүлкіне мұқият болуын ескертеді. Мүмкіндігінше шаруашылық қора-жайларын сенімді бекітіп, малға ен салып, таңбалау, сондай-ақ малшыларды жалдау керек. Осы қажетті профилактикалық шаралардың барлығы облыс тұрғындарына қылмыстық қастандықтардан өз мүлкін сақтауға көмек береді.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы