Кентауға табиғи газ беретін автоматтандырылған газ тарату станциясы дайын

1249
Кентауға табиғи газ жеткізіледі

Кентау қаласы мен оның төңірегіндегі елдімекендерді табиғи газбен қамтуда атқарылған және жоспарлы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбырының 1280 шақырымында автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы аяқталды.

Кентауға газ жеткізетін АГРС дайын

Жобалық-сметалық құны  4 млрд. 29 млн. теңгеге бағаланған  нысанды  жеңімпаз  мердігер  компания 3 млрд. 849 теңгеге салып біткен. 2015 жылы бастауын алған құрылыс  осылайша  екі жылда аяқталған. Құрылыс барысында 53 шақырымды құрайтын магистралды жүйе салынып, мемлекеттік қабылдаудан өтті.

Қадырхан Төлепбергенов, Кентау қалалық энергетика, ТҮКШ,  ЖК және АЖ бөлімінің басшысы

Қадырхан Төлепбергенов, Кентау қалалық энергетика және ТҮКШ, ЖТ және АЖ бөлімінің басшысы: «Кентау қаласының аумағында қазіргі таңда газдандыру (сақиналау) жұмыстары жүргізілуде. Яғни, көше жолдары қазылып, пластикалық құбырлар  орналастырылуда. Хантағы ауылын газдандыруға облыс бюджеттен 30 млн. теңге  бөлінді.  Кентау мен Хантағыға газ  бір-екі жылда беріліп қалады».

Қазір келіп тұрған газды   үйме -үйге  табиғи газды  жеткізетін  көшелерге   газ тарату қосалқы  құрылғыларын орнықтыру  шаралары атқарылуда. Сондай-ақ, Қарнақ, Құшата және Байылдырды газдандыруға жобалық- сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Кентау, Бүргем, Хантағыға газ 2019-20 жылы берілсе, қалған ауылдар тағы бір жылдан кейін көгілдір отынға қол жеткізеді.