«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен кездесу Семей және Чернобыль апаттары салдарынан қаза болған азаматтарды еске алумен басталды. Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен теңестірілген азаматтар көптеген жеңілдіктермен қамтылған. Алайда денсаулықтарын сауықтыруға қажетті дәрі- дәрмек кешіктіріліп берілетіні жандарына батқанын айтып, шағымдануда.
Байғали Сейітов, Қазығұрт ауданының тұрғыны: «Жаңа базардағы бір ардагеріміз екі айға дәрісін алып, он айына дәрі дәрмекті өз қаражатына алған. Медициналық мекемедегілер тендер өтпегенін алға тартуда».
Бақытжан Әшірбаев, «Чернобыль және Семей ҚБ» ардагерлері кеңесінің төрағасы: «Ең басты проблема денсаулық сақтау саласына қатысты. Ардагерлеріміздің көпшілігінің денсаулығы сыр берген. Оларға оңалту қажет етеді».
Семей полигонында 1986-88 жылдары әскери борышын өтеген ардагер «облыс орталығында оңалту орталығын ашса, Семей мен Чернобыльдың әсерін әлі күнге дейін басынан кешкен әріптестеріне жақсы демеу болатын ед»і дейді.
Байғали Сейітов: «Оңалту орталығы Семейде, Алматыда бар. ОҚО-да оңалту орталығы болса, алысқа бармай осында ем қабылдайтын едік».
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттік қызметкерлермен бірге қоғамдық бірлестіктердің өкілдері білек сыбана кірісіп кеткен. Тек үкімет тарапынан қолдау болса болғаны.