Шардарада жұмыссыздық саны төмендеп келеді

507

Шардара ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жұмыссыздықты жоюда оң нәтиже беруде. Бағдарламаны іске асыру мақсатында өткен жылы 2952 адам қатыстырылды. Оның ішінде 984 жұмыссыз болса, 1234-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал 734 жұмыс іздеушілер. Жалпы бағдарламаға қатысушылардың 32 пайызы табысы аз азаматтар.

Ал 2018 жылдың 1 мамырына аталған бағдарламаға 958 адам қатыстырылса, жыл соңына дейін 2794 адамды қатыстыру жоспарланған. Сонымен бірге ауданда «Өрлеу» жобасы да сәтті іске асырылып келеді. Былтырғы жылы осынау жоба аясында 4275 азаматқа немесе 687 отбасыға 217 млн. теңге көлемінде қаржы төленді.

Жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 1450 отбасымен әңгімелесу жүргізіліп, оның ішінде 38 отбасыға 4 457,0 мың теңгеге шартсыз ақшалай көмек, 226 отбасыға 43,3 млн. теңге шартты ақшалай көмек, барлығы 264 отбасыға 47,8 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.