Шымкентте қоғамдық көлік Мерседесті «мыжып» кетті

555
Motor.kz

Автобуспен соғысқан «Мерседес» мыжылып қалды. Екі көлік те қатты зақымданған жол көлік оқиғасында автобус жүргізушісі мен жеңіл көлік жолаушылары зардап шекпеген. Бірақ «Мерседестің» көлік жүргізушісіне жедел жәрдем қызметіндегілер медициалық көмек көрсетті.

Шымкент қаласындағы  Тәуке хан даңғылы мен Адырбеков көшесінің қиылысында қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Сол күнгі соңғы жолаушыларын  аялдамадан түсіріп қайтқан 27 -ші бағыттағы қалалық автобус Сайрам бағытына қарай жол тартқан. Сол мезетте қарсы алдынан «Мерседес» көлігі шыға келген.

Жеңіл көліктің жүргізушісінің сөзіне қарағанда жол белгісінің арқасында қарсы бетке шығып кеткен. Соқтығыс нәтижесінде автобустың алдыңғы бөлігі зақымдалды. Қатты соққы салдарынан екі көлікке де қомақты шығын келген. Жол көлік оқиғасы салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды. Апаттың мән жайын жол полициясы инспекторлары саралап жатыр.