Шымкентте жыл басынан бері қалта ұрлығы қылмысы төмендеген

537

Биылғы жылдың 4 айында тіркелген қалта ұрлығы қылмыстарының өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін, ал қылмыстың ашылу деңгейі жақсарғанын байқауға болады. Ағымдағы жылы 58 қылмыс ашылған болса, өткен жылы 20 қылмыс ашылған болатын.

Қала аумағында орын алған қалта ұрлығының орны мен ұрланған заттарға саралайтын болсақ, қалта ұрлығының 80,4 пайызы қоғамдық автокөліктерде жасалып отыр, яғни қоғамдық автокөліктерден 86 қалта ұрлығы, ал базарлардан 21 қалта ұрлығы орын алған. Бұл қалта ұрлығының 89,7 пайызы ұялы телефонға қатысты. 107 ұрланған заттың 96 ұялы телефон, 11 әмиян болып отыр.

Қалтадан ұрланған ұялы телефондарды анықтау, алдын алу, ашу және көрсеткішті жоғарылату мақсатында қалалық полиция бөлімдерінің криминалдық полиция құрамаларынан 1 қызметкерден бөлініп, топ құрылған болатын. Осы топтың жұмыс атқару нәтижесінде 191 ұялы телефон тәркіленіп алынды, ол бойынша бұрын ашылмаған 149 қылмыс ашылды, сонымен қатар тәркіленген 42 ұялы телефондар бойынша шешім қабылданған, яғни азаматтардан тәркіленіп алынған ұялы телефондарды «Гарант» сауда орнында белгісіз азаматтардан алынғандары анықталды. Жыл басынан бері Шымкент қаласының полицейлерінің тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты анықтады.

Күнделікті атқарған жұмыстардың нәтижесіне жедел есеппен алғанда қала аумағында орын алған қалта ұрлығы қылмыстары бойынша қалалық полиция бөлімі және оның құрылымдарымен біргелікте 10 қылмыстық топтар мен эпизодты тұлғалар құрықталып, 132 қылмыс ашылды.

Тәртіп сақшыларымен 4 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, олардың 56 қылмысқа қатысы бары анықталды.

Қалта ұрлығының орын алған жеріне қарай саралайтын болсақ, қала аумағында адамдарды тасымалдаумен айналысатын 26 компания қызмет атқарады. Оларда 69 бағытта жүретін қоғамдық автокөліктер белгіленген, оның 46 бағытта 718 қоғамдық автобус, 24 бағытта 372 қоғамдық микроавтобус. Жалпы қала бойынша 1146 автобус бар.

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не 35 жастағы жәбірленуші арызданған, онда автобуста белгісіз тұлғалар сөмкесінен қомақты ақшасын алып кеткенін көрсеткен. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер төрт күдіктіні ұстады, олардың үшеуі 30-45 жас шамасындағы Шымкент қаласының тұрғындары, біреуі Ресей Федерациясының 50 жас шамасындағы азаматшасы болып шықты. Тергеу барысында ұсталған азаматтардың қалта ұрлығының 52 жайтына қатысы бар екендігі анықталды.

Адамдардың бейғамдығын пайдаланып, қалта ұрылары тұрғындардың әмиянын ақшасымен, ұялы сымтетік және басқа да бағалы заттарын ұрлап отырған. Ұрланған заттарды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған жайт негізінде ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілер қамауда. Тәжірибе көрсеткендей қалта ұрлығының көбісі адамдар көп шоғырланған базарлар мен қоғамдық көліктерде орын алады. Әдетте, қалта қағарлар азаматтардың бейқам не ұқыпсыздығын пайдаланып жәбірленушілердің ұялы телефондары мен басқа да бағалы заттарын оңай жымқырып жатады.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы