Шымкенттік түлектер қымбат көлікпен кортежге шықты

729

Мектеп бітірген шымкенттік түлектер соңғы қоңырау күнінде қымбат көлік жалдап, серуен құрды. Жыл сайын әдетке айналған үрдіске, биыл тыйым салынса да, бітірушілер құлақ аспады. Мұны қала көшелерінде, демалыс орындарының алдында тұрған кортеждерден бірден байқауға болады.


Түлектер қымбат темір тұлпарларды жалға алып, шығындалғаны көрініп-ақ тұр. Яғни, апта бұрын облыстық білім департаменті басшысының және қалалық білім бөлімі мамандарының ескертулері орындалмағаны қынжылтады.

Бітірушілердің қауіпсіздігін ойлаған жол сақшылары көшелердің бойын күзетіп жүр. Түлектердің кортежі кезінде жол ережесін бұзған алты көлік айып тұрағына жеткізілген. Әсіресе полицейлер кешқұрым бақылау жұмыстарын күшейтеміз деп уәде етті.