Судьялар тәтті сыйлады

497

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Сауабы мол істен судьялар да шет қалмады. Күні кеше Сарыағаш ауданы №2 аудандық және Шардара аудандық сотының ұжымдары Шымкент қаласының №4 балалар үйіне қайырымдылық шарасын өткізді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының №4 балалар үйінде 85 бала тәрбиеленуде. Бұл балғындардың әр-қайсысы да мейірімге мұқтаж. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың көңілін серпілту де сауапты іс. «Жетім көрсең, жебей жүр» қағидатын басты ұстаным еткен сот органдары өкілдері осылайша қайырымды іске мұрындық болды. Сот ұжымы оларға қажетті заттар мен түрлі тәттілер сыйлады.

Айназ Бейімбет