Баласын бейсауат жіберген ата -аналар жауапқа тартылды

437

Қазіргі қоғамның басты мәселесінің біріне айналған жасөспірім қылмысының деңгейін төмендету мақсатында сарыағаштық полицейлер қарқынды жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері аудан аумағында кәмелетке толмағандар 7 құқық бұзушылық жасаған.

Жалпы Сарыағаш ауданында 54 мыңнан астам жасөспірім бар. «Түнгі қаладағы балалар» іс-шараларының нәтижесінде 301 жасөспірім ІІО-ға жеткізілген. Соның ішінде 228 жасөспірімнің ата-анасына әртүрлі әкімшілік хаттамалар түзіліп, 198 ата-анаға ескерту берілді.

Сондай-ақ, сарыағаштық ювеналды полицейлер кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 5 жасөспірімді орналастырды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 жасөспірімді жедел-іздестіру шаралары кезінде тауып, аман-сау үйлеріне қайтарды.

Биылғы жылдың басынан бері ювеналды полиция қызметкерлері Жастар орталығы, «Нұр Отан» партиясы, Білім бөлімі және Прокуратура өкілдерімен бірлесе отырып аудан аумағында «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік», «Бақытты балалық шақ» іс шараларын өткізді.