Кітапхана мемлекеттік рәміздерді ұлықтады

629

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күнін Абай атындағы орталықтандырылған кітапхана оқырмандары ескерусіз қалдырмады.

Тәуелсіз елдің тұғырын биік етер рәміздерді ұлықтау бір күннің емес тұрақты ұстаным дейді кітапханашылар. Арнайы көрме ұйымдастырылып, студент жастар атаулы күн туралы ойларын ортаға салды.

Мемлекеттік рәміздерді ұлықтаған іс шараға кітапхана қызметкерлері мен қалалық әкімдік өкілдері мен қалың оқырман қатысты. Елдің әнұранын жатқа біліп, көк туымызды биік желбіретуге бел байласқандар мемлекеттік рәміздер бейнелеген суреттен бастап, өзге де құралдарды аяқасты етпеуге уәде бере тарқасты.