Саябаққа келген балғындар тіс дәрігерінің тегін тексеруінен өтті

676

Саябаққа келген балғындар тіс дәрігерінің тегін тесеруінен өтті. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Кең баба» саябағында «Балалар біздің болашағымыз» ұранымен акция өткізді.

Шараның мақсаты баланың денсаулығын ерте жастан сақтау мен нығайту, қоғамдық және жеке гигиенаның, балалар мен жасөспірімдердің бойында денсаулық сақтау әдеттерін қалыптастыру.


Акцияда стоматолог, педиатр дәрігерлер 150 балаға тегін кеңес беріп, қызықты викториналық ойындар жүргізді. «Бақытты бала!» атты асфальтқа сурет салу байқауы бойынша 25 бала қатысып, өз қиялындағы бейнелер, табиғат көрінісі, әлем туралы жалпы көріністерін көрсете білді. Жалпы іс-шараға 300-ге жуық бала қатысты. Соңында балаларға сыйлықтар табысталды.