Шардарада ұйымдастырылған бұл додаға ескек есушілер тыңғылықты дайындалып келгені көрініп-ақ тұр. Облыстық жарыста ескек есуден және байдарка спорт түрлерінен алпыстан аса спортшы бақ сынады. Су спортын дамыту мақсатында өткізілген сайыстың мақсаты жастарды салаға қызықтыру. Жауаптылардың айтуынша, келер жылы дәл осы Шардара су қоймасы маңынан үлкен спорт кешені салынады. Мұнда су қоры жеткілікті, әрі ауа райы өте ыңғайлы дейді мамандар.
Сайысқа Шымкент қаласының спортшылары қонаққа келді, жеңіс те соларға бұйырды. Оларға шардаралық ескек есушілер де төтеп беруге тырысып бақты. 4 ай бұрын ғана жаттығуға кіріскен спортшылар жақсы нәтиже көрсетті дейді жаттықтырушылары.
Сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Жеңімпаздары мен қатар жеңілгендері болса да, сыйластықтарын білдіріп тарқасты.