Жас өнерпаздар марапатталды

606
Облыстық Жастар Орталығы

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мүмкіндігі шектеулі жастар арасында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты шығармашылық байқау ұйымдастырды.

Байқауға оңтүстіктің барлық аудан-қалаларынан дарынды, таланатты 50 мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдер қатысып, бақтарын сынады. Шарада облыс әкімінің орынбасары Садыр Ербол Әбілқайырұлы жастардың шығармашылығымен арнайы танысып, үздіктерін марапаттады.

Барлық қатысушыларға арнайы диплом және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Ал үздіктер қатарында: Бас жүлде – Абдуманап Абай (Төлеби ауданы)
1-орын – Утемисова Алина (Кентау) ,1-орын – Нұрахман Ерсултан (Қазығұрт), 2-орын – Бекбулатов Атабек (Сайрам ауданы), 2-орын – Тишкимбаев Алибек (Шымкент қаласы), 3-орын – Абишев Даулет (Кентау қаласы), 3-орын – Бекет Жаннур (Шымкент қаласы)
3-орын – Жунусова Гулфайруз (Кентау қаласы)