Жол сақшыларын балағаттаймын деп басы дауға қалды

Көлігіне перде ілген жүргізушінің басы дауға қалды. Полицейлер автокөліктің алдыңғы терезесіне қара перде ілген жүргізушіні анықтап, заң алдында жауапқа тартпақ болды. Алайда жүргізуші бұл ескертпеге құлақ аспай, керісінше пагондылардың өзіне қарсылық тантты. Тіпті тәртіп сақшыларына боқтық сөз айтып, жағдайды ушықтырып жіберді.

Арадағы дау ұзаққа жалғасты. Дегенмен полицейлер тәртіпке бағынбаған жүргізушіні заң алдында жауапқа тарту үшін, әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізуші өзіне тағылған айыппен келіспеді. Сондықтан дауласқан полицейлердің үстінен шағымданбақ ойы бар.