Азаматтық некеде тұрған әйелін пышақтап тастады

Күндізгі сағат 14:00 шамасында 17-ші шағынаудандағы көп қабатты үйдің бірінде қанды оқиға болды. Мұнда азаматтық некеде тұрған ер мен әйел арасында жанжал туындайды. Олар 11 жыл бойы бірге тұрған екен.

Сол күні бірге спирттік ішімдік ішіп, ақыр аяғында 42 жастағы күдікті қасындағы азаматшаның бүйрек тұсына асханалық пышақ сұғып алған. Оқиға орнына бірінші күдіктінің анасы келген. Қансыраған әйелді көрген сезіктінің анасы бірден жедел жәрдем мен полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары уйге келгенде күдікті азамат ізін суытып үлгеріпті.

Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. Ал  күдікті азамат әзірге іздестіріліп жатыр. Ол қашып қайда барсын, жедел уәкіл инспекторлары ол туралы барлық мән-жайды біледі. Тергеу барысында танысын пышақтап тастауға не себеп болғаны анықталады. Тергеу амалдары жалғасуда.