Кәсіпкер ауылдықтардың су алып отырған бұлақ көзін жауып тастаған

403

Әкімдер халықпен тығыз жұмыс істеуге көшті. Күнделікті қабылдау өткізетін олар, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, шешуді де қолға алған. Аптаның алғашқы жұмыс күнін Көкбұлақ елдімекені тұрғындарын қабылдаудан бастаған Абай ауданының әкімі аймақта суармалы судың жоғын естіді.

Елді мекен тұрғындарының атынан келген ауыл биіне мәселені жуық арада шешіп беруге уәде етті. Айтуынша, бұған дейін су алып келген бұлақтың көзін жеке кәсіпкер бекітіп тастаған. Оны ашқызуға халықтың шамасы жетпегенін айтып, көмек қолын созуды сұранды.

Күнделікті жұмысын халықты қабылдаудан бастайтын аудан әкімі Б.Парманов осы күнге дейін 30 тұрғынды тыңдап, мәселесін шешіп бергенін айтты. Айтуынша, өтініштердің басым бөлігі коммуналдық салаға қатысты. Айта өтейік, әр аудан әкімінің қабылдауы күнделікті сағат 9:00 және 10:00 аралығында өтеді.

Нұрлан Күдерұлы