Шымкентте 50 жастағы әйел 12-ші қабаттан құлап, мерт болды

Шымкенттік азаматша өзін 12 қабаттан лақтырып жіберді. Биіктіктен құлаған келіншек оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Сұмдық жағдай 13 -ші шілде күні Шымкент қаласындағы көп қабатты үйлердің алдында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, азаматша тұрғын үйдің шатырына шығып, өзін 12-ші қабаттан тастап жіберген. Белгілісі азаматшаның жасы елуден асқан. Отбасылы. Қазір оқиға орынында тергеушілер жұмыс істеуде.