Úı ANONS Азаматша пышақ жарақатынан қайтыс болды

Азаматша пышақ жарақатынан қайтыс болды

Шымкентте кезекті кісі өлімі. Бұл жолы  да көшеде уайымсыз жүрген азаматша кісі қолынан қаза тапты. Күдікті 44 жастағы азаматшаны бірнеше жерден пышақтап, қашып кетпек болған. Алайда, көп ұзамай қолға түсті. Оны ұстау барысында полицейлер табельді қаруды пайдаланууға тура келген. 

Айдың күннің аманында тағы бір азаматша кісі қолынан қаза тапты. Бейресми ақпарат бойынша азаматша 41 жаста дейді куәгерлер. Күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салған. Салдарынан, әйел оқиға орнында қайтыс болды.  Қанды қылмыс орын алған жерге жақын маңда тұратын тұрғындар қорқып қалғанын айтады.

Ал, қалалық полиция департаменті күдіктінің марқұмға өзара жақтырмаушылығы болғандықтан пышақ салған деп отыр. Десе де, сол уақытта ер адамды ұстау шаралары жүргізіліп, қолға түскен. Бірақ күдікті қарсылық көрсетіп, полицейлер оқ атуға мәәжбүр болған.

АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А: «Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жақтырмаушылық негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткендіктен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды».

Оқ жарақатын алған күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, тиісті ем алып жатыр. Сондай-ақ, полицияның тікелей бақылауында. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Нұргүл Жолымбетова