Шымкентте Астана қаласының 20 жылдығына орай гала-концерт өтеді

808
shymkent.gov.kz/

3 шілде кешкі сағат 20:00-де Әл-Фараби алаңында Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай гала-концерт өтеді.

Кештің жұлдыздары – Қайрат Нұртас, Қуандық Рахым, Жейран тобы, «Алем бэнд» триосы. Бұған қоса «Блок бастер» шоу-балеті, «Минута славы» жобасының жеңімпаздары мен жергілікті жұлдыздар өнер көрсетеді.

Ал шілде айының 4-5-жұлдызында Әл-Фараби алаңында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырмақ. Қаланың орталық көшелері мен саябақтарда мерекеге байланысты тақырыптық мәтіндердің лозунгілері, баннерлер ілініп, безендіру жұмыстары жүргізіледі. Мереке күнінде қаланың шығармашылық ұжымдары тұрғындарға ән мен жырдан шашу шашпақ.