Мерекелік кеште өнер жұлдыздары шымкенттіктер үшін ән шырқады

Шымкентте Наурыз мерекесіне арналған іс—шара соңы гала-концертке ұласты. Мегаполисті он күн бойы думанға бөлеген мерекенің қорытынды кешінде елімізге белгілі эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Концертті тамашалауға келгендер арасында тек шымкенттіктер ғана емес, алыс-жақын аудан-қалалардан келген қонақтар да бар.

Шымкентте он күн бойы тойланған Ұлыстың ұлы күні мейрамының соңы кешкі мерекелік концертке жалғасты. Ауа райына қарамастан жиналған көрермен  тұрғындарының қарасы қалың. Барлығының көңіл-күйі көтеріңкі. Кештен жақсы эмоциялар күтеді.

Кешкі гала-концертте елімізге белгілі жұлдыздар өнер көрсетті. Олардың қатарында «Жігіттер», «Орда» топтары, Qanay, Наzима және Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары бар. Ел ықыласына бөленген әншілер көрерменге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Үшінші мегаполистегі Наурыз тойын тек шымкенттіктер ғана емес, Түркістан облысының аудан-қалаларынан, сондай-ақ, елдің түкпір-түкпірінен келген қонақтар да тамашалады.