Úı Oqys oqıǵa Жанармай тасымалдаушы жүк көлігі өртке оранды

Жанармай тасымалдаушы жүк көлігі өртке оранды

Шымкент қаласына қарасты Ленгер тас жолында 16 тонна жанармайға лық толған «Камаз» өртке оранды. Жүк көлігінің цистернасынан лап берген өрт жүк көлігінің салонына ауған. Нәтижесінде жанармай тасымалдайтын көліктегі бензин 45 ш.м аумақты жайлады.

Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ТЖД-нің 54 қызметкері мен 12 дана техникасы тілсіз жауды ауыздықтауға күш жұмсады.