Қорғасын зауытындағы мұнаралардың бірі қисайып, құлағалы тұр

520
Қорғасын зауыты аумағындағы мұнаралар

Қорғасын зауытындағы үш мұнараның біреуі құлағалы тұр деген алып-қашпа әңгіме расталды. Абай ауданы әкімдігінің мамандары аумақты арнайы күзетке алыпты. Бұл қауіпті аумақта келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған шара аясында тәулік бойына күзет ұйымдастырылған.

Түсті металл, арматура іздегендерге тосқауыл қойылған. Қазіргі таңда қала, аудан әкімдігі мұнараны құлатуға қатысты жұмыстарды пысықтап жатыр.

Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Аудан әкімі Бұхарбай Парманов  өзі өндіріс аумағында болып, жағдаймен танысты. Мұнаралардың біреуі қауіп төндіріп тұрғаны  да мәлім болды. Мұнара 51 см-ге қисайған. Қазір қарағандылық мамандар келіп мұнараны жарып құлату бойынша зерттеу жұмыстарын жұргізді. Жобалық- сметалық құжат бойынша 9 млн теңге қажет. Төтеншеліктер өз тарапынан тиісті  шараларды пысықтауда. Жағдай Шымкент қаласы және Абай ауданы әкімдіктерінің бақылауында».

Шынар Оразова